Шымкентте тойдан кейін аспанға оқ атқан ер адам бес күнге қамалды

07.10.2026

Шымкентте тойдан шыққан ер адам сигналды тапаншамен аспанға оқ атып, айналасындағыларға қауіп төндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында полиция назарын аударған.

Полицияның мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны Бунедбек Юлдашев мейрамханалардың бірінің маңында аспанға оқ атқан.

Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар оған түнгі тыныштықты бұзғаны және қаруды құқыққа сыйымсыз қолданғаны үшін айыппұл салынды.

Полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай