
Президент Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр
15.10.2026
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Саммит Әзербайжан Астанасы Баку қаласында өтіп жатыр.

Еске салайық, кеше, 2026 жылғы 14 қазанда Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған едік. Қасым-Жомарт Тоқаевты Баку әуежайынан Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов күтіп алды.
Ал бүгін, 2026 жылғы 15 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.
Мақаланы бағалаңыз 👇
Источник: Qazaq Today · Марал Әділ
