1-сыныпқа құжат қабылдау биыл 27 мамырдан басталады


Құжаттарды 31 тамызға дейін өткізуге болады.


Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова биылдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау жылдағыша 1 сәуірден емес, 27 мамырдан басталатынын хабарлады.

Министрдің түсіндіруінше, бұл өзгеріс мектеп қызметкерлерін оқу кезінде алаңдатпау мақсатында енгізіліп отыр.

"Құжат қабылдау 1 сәуірден басталған кезде ол мектептердегі сабақ процесімен қабаттасатын. Бұл уақытта мектеп басшылығы да, мұғалімдері де, ІТ саласының мамандары да өздері оқу процесімен қарбаласып жатады да, бірінші сыныпқа құжат қабылдауды тиімді ұйымдастыра алмай жатады. Сондықтан, осындай келеңсіз жайттарға жол бермес үшін биыл біз 1-сыныпқа құжат қабылдаудың мерзімін қайта қарастырдық", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Еске салайық, Құжаттарды қабылдау eGov.kz порталы немесе eBalyq жүйесі арқылы электронды түрде жүзеге асады. Қабылдау процесінде "3+1" принципі сақталады (үш өтініш – мектептің қызмет көрсету аймағы бойынша, бір өтініш – басқа аймақтан).

Қажетті құжаттар: Баланың туу туралы куәлігі, денсаулық жағдайы туралы №065/у және №026/у-3 нысанындағы анықтамалар, сондай-ақ баланың 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті қажет.

2026 жылы мектеп табалдырығын 400 мыңнан астам бүлдіршін аттайды деген болжам бар.


Оқи отырыңыз:

  • 1 сыныпқа арналған оқу құралынан қатігездікке үндейтін сөз табылған
  • Несиені шектеу және лагерлерді лицензиялау: 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді

Related