Қазақстандағы жаңа қаланың әкімі тағайындалды
Ол — халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі
Бұған дейін ол Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Аркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Карнеги Меллон университетінде (Болашақ бағдарламасының түлегі, 2010 жыл) білім алған.
Ол — халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі, Президенттің жас таланттар пулының мүшесі.
Аркен Өтенов еліміздің банк секторында, сондай-ақ, мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде тәжірбиелі жұмыс атқарған.
Еске салайық, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 9 қаңтардағы жарлығы бойынша, Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылы қала мәртебесіне ие болып, Алатау деп аталды. Алматы мен Қонаев арасындағы жаңа қала төрт елді мекенді қамтиды. Жалпы көлемі қазір 88 мың гектар болады.
Сурет: Tengrinews.kz